БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

  • Home
  • БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

ЖШС «Дин -Асыл1»  балабақшасы

Түркістан облысы ,Қазығұрт ауданы,Қызылқия елді мекені 2017 жылдың қараша  айында  «Балапан» бағдарламасы аясында ашылды. ЖШС «Дин -Асыл 1» балабақшасы штаттық кестеге сай жұмыс жасайды. Білім беру барысында мектепке  дейінгі  23 педагог қызмет етеді. Олардың ішінде 1 меңгеруші, 1 әдіскер, 18 тәрбиеші жұмыс жасайды.

Жұмыс тәртібі: Дүйсенбі-жұма

Жұмыс күнінің ұзақтылығы :  10:30сағат

Тамақтандыру : 4 мезгіл

Топтардың саны : 15

Мекен жайы:  Д.Болыс №155

Меңгеруші : А.Ә.ҮСЕН

Мақсаты:

  • Жаңа технологиялардың түрлерін қарастыру.
  • Мектепке дейінгі мекемелерде оларды қолданудың тиімділігін көрсету.

Міндеттері:

  1. Балаларды қорғау және қауіпсіз орта құру
  • Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау;
  • Санитариялық-гигиеналық талаптарды орындау;
  • Қауіпсіздік ережелерін сақтау және бақылау;
  • Төтенше жағдайлардың алдын алу және әрекет ету жоспарын жүргізу.

 2. Тәрбие мен білім беру үдерісін ұйымдастыру

  • Білім беру бағдарламаларына сәйкес оқу-тәрбие процесін жүргізу;
  • Тұлғалық, танымдық, шығармашылық дамуына жағдай жасау;
  • Тәрбие бағдарламалары, күнтізбелік жоспарларды жасау.

 3. Денсаулық сақтау және дамыту

  • Дұрыс тамақтану мен күн тәртібін ұйымдастыру;
  • Денсаулықты нығайту, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру;
  • Медициналық бақылау, алдын алу шараларын өткізу.

 

  Қортындылау:

Балалардың денсаулықтарын қорғау ата-ананың көмегімен үлгілі нәтижеге жету ашық оқу сабақтары, спорттық мерекелері тәрбиешілердің қатысуымен ойын сауықтарды ойдағыдай өткізу . Балалар үнемі медбикенін бақылауында болу. Балабақшаның оқу тәрбие үрдісінің сапасын көтеру.